Теңіз қазынасының тарихы – бекіре әлеміне экскурсия!
Әлемдегі ең ежелгі балықтардың бірі — бекіренің өмірі қалай басталатынын көргіңіз келе ме? Енді мұндай мүмкіндік сізде бар!
Барлық жастағы туристерді Атырау облысы, Дамбы ауылы маңындағы табиғаты көркем ауылда орналасқан бекіре зауытына қызықты экскурсияға шақырамыз — мұнда табиғат пен технология үйлесіп, бекіре мен қара уылдырықты сақтау үшін жұмыс істейді.
Экскурсия барысында не көруге болады?
- Бекіренің өмірлік жолына бірге саяхат жасайсыз — кішкентай шабақтың қалай мықты бекіреге айналатынын көресіз.
- Инкубациялық цехтан бастап үлкен бассейндердегі алып балықтарға дейінгі жолды бірге жүріп өтесіз.
- Табиғатты қорғау талаптары мен қауіпсіздік ережелерінің қалай қатаң сақталатынын өз көзіңізбен көресіз.
- Бекіреге жан-тәнімен берілген балық шаруашылығының мамандарымен тілдесіп, ерекше білім аласыз.
Бекіре зауытына ерекше саяхат!
- Жай ғана экскурсия емес — нағыз эмоцияға толы тәжірибе! Табиғатпен етене танысып, бекіренің өмірлік жолын өз көзіңізбен көріңіз.
- Фото және видео түсірілім мүмкіндігі — бұл сәттер тек есте ғана емес, камерада да сақталады! Әлеуметтік желілер мен жеке архив үшін таптырмас контент.
Не күтеді сізді?
- Бекіре шабағының қалай өсіп, алып балыққа айналатыны
- Инкубациялық цехтан бастап ересек балықтарға дейінгі бүкіл кезең
- Экологиялық стандарттар мен қауіпсіздік ережелері
- Ісіне адал балықшылар мен зауыт мамандары
Мекен-жайы: Атырау облысы, Дамбы округі, Бекіре зауыты
Басталуы: 9:30 (тек алдын ала жазылу арқылы)
Топтық қатысу: кемінде 10 адам
Жиналу орны: Сәтпаев көшесіндегі бұрынғы ХҚКО алдында
Бағдарламаға не кіреді?
- Ыңғайлы трансфер
- Бір реттік 0,5 л ауыз су
- Кәсіби гид қызметі
- Фото және видео түсірілім – естелікке арналған тамаша сәттер!
Бұл тур кімдерге арналған?
- Отбасыларға – танымдық әрі қауіпсіз саяхат
- Оқушылар мен студенттерге – табиғатты көзбен көріп, біліммен ұштастыру
- Саяхатшылар мен контент жасаушыларға – ерекше атмосфера мен бейнероликтер үшін
- Ас дәмін бағалаушылар мен уылдырық сүйер қауымға – қайдан бастау алатынын біліңіз!
Қонақтарға арнайы сый:
Әр қатысушы кішкентай бекірені қолына ұстап, суретке түсу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар, экскурсиядан дайын бейнежазба – тегін беріледі!
Бронь мен қосымша ақпарат үшін:
Телефон: +7 708 989 1430
Instagram: @gulzhanelesheva | @fgulzhanelesheva
Орын саны шектеулі! Ертерек жазылып, ерекше сапарды жіберіп алмаңыз!