Успен соборы — Атыраудың рухани жауһары
Атырау қаласының дәл жүрегінде, Тайманов пен Гагарин көшелерінің қиылысында орналасқан Успен соборы — қаланың ең әдемі әрі көне сәулет ескерткіштерінің бірі. Бұл ғибадатхана — Атыраудың рухани тарихының айнасы және XIX ғасырдан сақталған сирек архитектуралық мұра.
1888 жылы көпес Фёдор Тудаков пен оның жұбайы Иринаның қаражатынан тұрғызылған собордың құрылысы 10 жылға созылған. Ғимарат жалған орыс стилінде салынғанымен, византиялық сәулет элементтерімен үйлесіп, ерекше көркемдік стиль қалыптастырған. Негізгі күмбезінің биіктігі — 40 метр, ал ғибадатхананың жалпы сыйымдылығы 900 адамға дейін жетеді.
Собордың тарихы тек сәулетпен ғана емес, аңыздармен де өрілген. Айтуларынша, Фёдор Тудаковтың әкесі Иван Тудаков орыс-түрік соғысына қатысып, Қара теңізге алтын тиеген түрік кемесін тауып, байып қайтқан екен. Сол дәулеттің бір бөлігі кейін Успен соборының құрылысына жұмсалған.
Көп жылдар бойы бұл ғибадатхана Атырау (ол кездегі Гурьев) қаласының діни өмірінің орталығы болып саналған. Кейін кеңес дәуірінде собор жабылып, тек Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қайта ашылған. Осылайша, елдегі алғашқы 10 000 ашылған шіркеулер қатарында болған.
Бүгінде Успен соборы — Атыраудың сәулеттік келбеті мен рухани символына айналған ғимарат. Күмбездерінің жарығы күн сәулесінде ерекше шағылысып, тыныштық пен тарихтың үндестігін паш етеді.
Мекенжайы: Исатай Тайманов даңғылы, 4
Кіру тегін. Әр күн сайын рәсім өтеді.
[envira-gallery id=»946″]




