Театр

Атыраудағы Жастар театры және Махамбет Өтемісұлы атындағы Қазақ драма театры – қаладағы басты мәдениет ошақтары. Екеуі де өнерсүйер қауымға түрлі қойылымдар ұсынып, өңірдің мәдени дамуына зор үлес қосып келеді.

  1. Махамбет Өтемісұлы атындағы Қазақ драма театры
  • Мекен-жайы: Абай даңғылы 8а
  • Байланыс нөмері: +7 701 691 5086
  • Касса нөмірі: +77122 32-21-77

Бұл театр қазақ мәдениетін, ұлттық рухты және заманауи өнерді насихаттайды. Мұнда қазақ классикасынан бастап әлемдік драматургияның үздік туындылары қойылады.

  1. Атырау Жастар театры

Жастар театры – жас актерлердің шығармашылық алаңы. Қойылымдары көбінесе заманауи тақырыптарды қозғайды және жастар аудиториясына бағытталған.

  • Мекен-жайы: Бауыржан Момышұлы даңғылы 1
  • Байланыс нөмері: +7 701 983 5566

Қалай баруға болады?

Екі театрға да жету жолдары ұқсас, себебі олар қала орталығында орналасқан.

  1. Қоғамдық көлік:
  • Автобустар қала ішінде жүреді және Абай даңғылы арқылы өтетін маршруттар театрға жақын аялдамаларға жеткізеді.
  • Қажетті автобустар туралы ақпаратты автобус картасынан немесе жергілікті тұрғындардан сұрап білуге болады.
  1. Такси:
  • Атыраудағы танымал такси қызметтері: Tez Taxi, inDriver
  • Қала орталығынан театрға дейін таксимен 10–15 минутта жетуге болады.
  1. Жаяу:

Қала орталығынан театрға жаяу серуендеу — бұл ерекше саяхат. Сіз бұл жолда Атыраудың көркем көшелерімен жүріп өтіп, қаланың сәулетімен танысасыз. Сонымен қатар, Жайық өзенінің жағалауында демалып, оның ғажайып көріністеріне тамсанасыз. Бұл серуен сізге қаланың тыныс-тіршілігін сезініп, әсемдігіне куә болуға мүмкіндік береді. Театрға асықпай, жаныңызға жайлы демалыс сыйлап барыңыз!

Туристерге кеңес:

  • Танымал қойылымдарға билеттерді алдын ала брондаңыз! Театр кассалары немесе “Tiketon” онлайн платформасы арқылы сатып алуға болады, себебі орындар тез таусылады
  • Спектакль кестесін театрдың ресми сайтынан немесе әлеуметтік желілерінен біле аласыздар.
  • Киім үлгісі: Театр мәдениеті үшін классикалық немесе іскерлік киім үлгісін таңдаған жөн.

Екі театр да Атырауға келген туристер үшін мәдени және рухани демалыс ұсынады. Қала мәдениетін сезінгісі келетіндер үшін бұл тамаша бағыт.

Scroll to Top