Шығармашылық әңгіме

“Шығармашылық әңгіме” – Атырау қаласындағы драма театрының алдына орнатылған мүсіндік композиция. Бұл композицияға КСРО халық әртістері Асанәлі Әшімов, Хадиша Бөкеева, Сәбира Майқанова және Қазақ КСР халық әртісі Нұрмұхан Жантөриннің мүсіндері енген.

Драма театрының директорының айтуынша, белгілі әртістерге ескерткіш орнату идеясы бір жыл бұрын пайда болған. Мақсаты – сүйікті әртістеріміздің есімдерін мәңгілік есте қалдыру, отандық кинематографияның, қазіргі заманғы кәсіби театр өнерінің бастауында тұрған тұлғаларды халық жадында сақтау.

Композицияның авторы – алматылық мүсінші Гүлфия Медеш. “Шығармашылық әңгіме” ескерткіші ұлттық өнердің дамуына зор үлес қосқан өнер саңлақтарының құрметіне қойылған, жас ұрпақтың отандық мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған маңызды мәдени нысан.

Scroll to Top