“Sarqyt” мейрамханасы – Атырау қаласындағы ұлттық қазақ асханасының нағыз ордасы. Мұнда сіз қазақ халқының бай дәстүрі мен асханасының керемет үйлесімін сезіне аласыз. Мейрамханада ұлттық тағамдардың дәстүрлі дәмдері сақталған, ал интерьері қазақ мәдениетін бейнелейді.
Мейрамхана мәзірінен сіз дәмді ет тағамдарын, хош иісті бауырсақтарды, табиғи қымыз бен шұбатты және басқа да қазақ дастарқанының сәнін келтіретін тағамдарды таба аласыз. Әрбір тағам өзінің ерекше дәмімен және дайындалу әдісімен көз тартады.
“Sarqyt” мейрамханасы тек қана дәмді тағамдармен ғана емес, сонымен қатар ұлттық нақыштағы сувенир бұйымдарымен де, атап айтсақ: әдемі қолөнер туындылары, ұлттық киімдердің таңдаулы түрлері және әртүрлі кондитерлік өнімдердің бай ассортиментімен ерекшеленеді. Сіз мұнда өзіңізге немесе жақындарыңызға ерекше сыйлық таңдай аласыз.
- Мекен-жайы: Атырау қаласы, Құлманов көшесі, 117 А
- Жұмыс уақыты: 12:00-ден 00:00-ге дейін
- Байланыс нөмірі: +7 707 350 5066
- Қалай жетуге болады:
- Қала ішіндегі автобустармен баруға болады. Автобус бағдарларын нақтылап алу қажет.
- “Tez Taxi”, “inDriver» қосымшасын пайдалануға болады.
- Жеке көлікпен баруға болады. Мейрамханаға жақын жерде ыңғайлы паркинг бар.
“Sarqyt” мейрамханасы – ұлттық дәстүрді қастерлейтін және қазақ мәдениетіне қызығушылық танытатын әрбір жан үшін тамаша таңдау. Мұнда сіз ұлттық тағамдардан дәм татып, жайлы атмосферада демалып, ұлттық бұйымдардан сыйлықтар сатып ала аласыз. “Sarqyt” мейрамханасы сізді қазақ қонақжайлығы мен дәмді тағамдарымен қарсы алуға дайын!