Атырау қаласы үшін Ретро-саябағы ерекше нысан болып табылады. Қала тұрғындарының жаңа демалыс орны өткен ғасырдың 50-жылдарындағы неоклассикалық үлгіде жабдықталған. Саябақтың негізгі аумағы жаяу жүргіншілердің белсенді демалысына арналған, аллеялар мен Жайық өзенінің жағалауы бойымен серуендеуге ыңғайлы. Қалалықтардың жаңа демалыс орны классикалық үлгіде жасалған: мұнда амфитеатр, кафе, көрме павильоны, музыкалық және жарықтандырылған фонтандар, жасанды тоған бар. Сонымен қатар, паркте “Дос-Мұқасан” музыкалық ансамблінің ескерткіші орнатылды, оның ашылу салтанатына музыканттардың өздері де қатысты.
Мекен-жайы: Сүлеймен Сауырғалиев көшесі, Жилгородок,
Ретро-саябаққа жету жолдары:
- Қоғамдық көлікпен: №1, №30, №30А автобустарына мініп, “Жилгородок” аялдамасынан түсіп, әрі қарай жаяу жүресіз.
- Таксимен: “Tez Taxi” немесе “InDriver” сияқты кез келген такси қызметіне тапсырыс беріп, “Ретро-паркке” жетіп бара аласыз.
- Жеке көлікпен: Сүлеймен Сауырғалиев көшесі, Жилгородок мекен-жайына карта арқылы бағыт алып, бара аласыз.
- Қала орталығынан паркке дейін шамамен 10 минутта жетуге болады.