Үлкен рухани саябақтың идеясы кішкентай мектептің ата-аналар комитетінен, тіпті ескі кітаптан басталды! 2015 жылы Гүлжан Тұрғанқызы, ата-аналар комитетінің төрайымы бола жүріп, балалар мен ұстаздар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға күш салды. Ол түрлі спорттық ойындар, қазақи өнер сайыстарын ұйымдастырып, оқушыларды ынталандыру үшін марапаттар да қарастырған.
Бірақ ең қызығы, осы идеяның бастауында қазақтың салт-дәстүрін толық қамтыған “Ағаш бесіктен, жер бесікке дейін” атты 5 томдық ерекше кітап тұрды. Бұл кітапта қазақ халқының әдет-ғұрпы, тәрбиесі, жөн-жоралғылары, ырым-тыйымдары, ұлттық ойындары, тіпті ата-ана мен баланың, үлкен мен кішінің міндеттері мен парыздарына дейін егжей-тегжейлі жазылған.
Гүлжан ханым осы кітапты оқып, өз тіліне, ұлтына, Отанына деген махаббаты оянып, тарихқа деген қызығушылығы артады. Ол энциклопедиялар мен этнографияларды оқи отырып, өзін ерекше қазақы әлемге енгендей сезінеді. Болашақта осы білгенін атадан балаға мұра етуді мақсат етіп, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін этно-саябақ құруды армандайды.
Арманынан іске асыруға дейін бес жыл бойы бюрократиялық, этнографиялық және құрылыс дайындық жұмыстары жүргізілді. Ақыры, “Nurly Tal” этно саябағы өмірге келді!
“Nurly Tal” этно-саябақ жобасының мақсаты:
Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын атадан балаға мұра ету және қазақ халқының бай тарихын бүкіл әлемге таныту.
“Nurly Tal” этно-саябағының бағыттары:
- Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып кешені:Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын көрсететін және таныстыратын арнайы орындар мен көрмелер.
- Өлкетану тарихы:Аймақтың тарихы мен мәдениетін, тарихи тұлғаларын таныстыратын экспозициялар мен ақпараттық алаңдар.
- Ұлттық мәдени шаралар:Қазақ халқының ұлттық өнері мен мәдениетін көрсететін концерттер, қойылымдар, фестивальдер мен түрлі шаралар.
- Ұлттық жәрмеңке:Қолөнер бұйымдарын, ұлттық тағамдарды және басқа да қазақ мәдениетінің ерекшеліктерін ұсынатын жәрмеңке.
- Көрмелік демалыс орындары:Саяхатшылар мен келушілердің демалуына арналған көркем демалыс аймақтары.
- Ұлттық ойын алаңы:Балалар мен ересектерге арналған ұлттық ойын түрлерінің алаңы.
- Батырлар алаңы:Қазақ батырларының ерлігі мен тарихи маңызын көрсететін экспозициялар және мүсіндер.
- Ұлттық домбыра үйі:Қазақтың ұлттық аспабы домбыраның тарихы мен қолданылуын көрсететін орталық.
- Төрт түлік мал көрмесі:Қазақ халқының төрт түлік малының тарихын, ерекшеліктерін көрсететін көрме.
Жұмыс уақыты:
Жазғы мезгіл (04-10 айлар):
- Күнделікті: 10:00-ден 22:00-ге дейін
Қысқы мезгіл (11-03 айлар):
- Күнделікті: 10:00-ден 21:00-ге дейін
Демалыс: Дүйсенбі
Мекен-жайы:
- Атырау-Еркінқала тас жолы, 61-ші шақырым
Байланыс нөмірлері:
- +7 778 410 4906
- +7 701 601 5791