Иманқара үңгірі

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 60 шақырым жерде Иманқара тауы орналасқан. Ұзындығы 2 км, ені 300 метр, биіктігі 200 метр болатын бұл тау жазық даланың ортасында алыстан ерекше көрінеді. Таудың қойнауында табиғи және жасанды түрде қалыптасқан Иманқара үңгірі бар.

Үңгірдің биіктігі – 2 метр, ені – 2,5 метр, ал тереңдігі – 25 метр. Тіктөртбұрышты болып қазылған үңгір үш дәлізден және қуыстардан тұрады. Алғашқыда табиғи үңгір болғанымен, кейіннен ол кеңейтіліп, ерте дәуірде ғибадатхана ретінде пайдаланылған болуы мүмкін. Археологиялық деректер бойынша, бұл аймақты адамдар неолит дәуірінен бастап мекендеген. Ерте темір дәуірінде Иманқара үнгірінің үстінде сармат қорғандары салынып, кейіннен үңгір жерасты храмы ретінде қолданылған.

Иманқара маңында ежелгі динозаврлар мен акулалардың сүйектері, қазба қалдықтары табылғаны белгілі. Саяхатшылардың тек тарихи жәдігерлермен ғана емес, таңғажайып құбылыстарымен қызықтырады.

«Иманқара» атауының екі мағынасы бар деген болжам айтылады. Бірі – бұл жерге Иманқара есімді адамның құрметіне қойылуы мүмкін десе, екіншісі – «иман» (қасиетті) және «қара» (көрнекі биіктік) сөздерінің араб тілінен алынғанына меңзейді.

Иманқара тауы мен оның маңындағы Қойқара тауы – тарихы терең, табиғаты ерекше қасиетті мекен. Бұл жердің тылсым сырлары мен көне дәуірлердің ізі бүгінге дейін зерттеушілердің назарын аударып келеді.

Scroll to Top