«Жайық өзенінің табиғаты»
Ұйымдастырушы: «Caspian-Эко-Тур» ЖШС
Маршрут сипаттамасы: Бұл туристік бағыт Атырау қаласынан басталып, Жайық өзенінің төменгі ағысындағы көрікті табиғи аумақтарды қамтиды. Тур барысында қатысушылар өзен жағасындағы флора мен фаунаны тамашалап, тарихи маңызы бар нысандармен танысады, ұлттық сусындардан дәм татады және әуесқой балық аулауға қатыса алады.
Маршрут бағыты: Атырау – Дамба – СКЭБР – Пешной – Жайық өзенінің сол және оң жағалауы
Альтернативті бағыт: Туристер қайықпен Атыраудан бастау алып, өзен бойымен Жайықтың бойындағы аялдамаларға дейін барады. Ары қарай жаяу серуендеп, қайықпен Атырауға оралады.
Ұзақтығы:
- Жалпы уақыт: 7 сағат
- Құрамында: 24 км — автокөлікпен
30 минут – қайықпен - Альтернативті түрде: 1 сағат 45 минут тек қайықпен
Маусымдық жұмыс уақыты: 15 маусымнан 15 қазанға дейін
Қатысушылар саны:
- 6–12 адам
- Аптасына 2 топқа дейін
Турға не кіреді:
- Микроавтобус
- Қайықтар (2–3 дана)
- Гид-экскурсовод
- Туристік айлақ
- Қауіпсіздік кеудешелері
- Медициналық қобдиша
- Бинокль (3–4 дана)
- Балық аулау құралдары (10 дана)
- Бағыт көрсеткіштер (12 дана)
Қауіпсіздік шаралары:
- Тур барысында ішімдік ішуге, темекі тартуға, от жағуға, шомылуға, музыка қоюға қатаң тыйым салынады.
- Барлық туристер құтқару кеудешелерімен қамтамасыз етіледі, нұсқаулық беріледі.
Тур бағдарламасы:
Уақыт | Іс-шара |
08:00 | Атыраудан микроавтобуспен шығу |
08:30 | СКЭБР бағытына жол жүру, гид түсіндіру жұмысы |
09:15 | Пешной ауылындағы тарихи орындармен танысу |
10:00 | Жайық жағалауында демалыс, шұбат/қымыз дәмін тату |
11:00–13:00 | Спорттық әуесқой балық аулау |
13:00 | Уха (балық сорпасы) ұсынылады – түскі ас ретінде |
14:00 | Қайықпен немесе микроавтобуспен Атырауға оралу |
Балық аулау туралы:
- Туристер балық аулау ережелері мен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан өтеді.
- Әуесқой балық аулау заңды негізде, арнайы шектеулермен жүзеге асырылады.
- Балық аулау 3 сағатқа созылады, телескопиялық қармақтар мен спиннингтер пайдаланылады.
- Балықтан дайындалған уха ұсынылады.
Табиғатпен танысу (орнитофауна):
Маршрут барысында Атырау облысында тіркелген 292 құс түрінің кемінде 80 түрін көру және суретке түсіру мүмкіндігі бар.
Табиғи қауіптер мен әрекет ету:
- Тур аймағында дауылды жел және найзағай жиі кездеседі.
- Жел жылдамдығы 15 м/с асқанда маршрут уақытша тоқтатылады.
- Қатысушыларда жаңбырлық, плащ болуы тиіс.
- Найзағай кезінде ағаш астында немесе ашық алаңда болуға болмайды.
Ұсыныстар:
- Туристер су қауіпсіздігі ережелерін сақтау керек.
- Құтқару кеудешесі міндетті.
- Киім ыңғайлы, бірнеше сағат серуенге жарамды болуы қажет.
- Қорғаныс кремдері мен жәндікке қарсы спрейлер болғаны жөн.
Қосымша ақпарат пен брондау үшін:
Байланыс нөмері: +77023500052
Электрондық почта: bimurzin62@mail.ru
Instagram: caspian_eco_tour