ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМ «АҚЖАЙЫҚ» РЕЗЕРВАТЫНДА
Табиғатпен үндестік – нағыз демалыс! Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың бірі – «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында табиғатты қорғау мен танымдық туризм қатар дамып келеді. Резерват аумағында экологиялық туризмді дамыту мақсатында арнайы 4 маршрут әзірленіп, ресми бекітілген.
Тур бағыттары:
«Табиғат әлемі»
- Көлікпен жүретін маршрут
- Ұзақтығы: 46 км | 5 сағ 50 мин
- Сәуір – Маусым | 30 адам
«Су әлемі»
- Көлікпен және қайықпен
- Ұзақтығы: 64 км | 7 сағ 10 мин
- Тамыз – Қазан | 4 адам
«Дала әлемі»
- Көлік, жаяу және велосипедпен
- Ұзақтығы: 34 км | 4 сағ 10 мин
- Шілде – Қазан | 15 адам
«Құстар жұмағы»
- Көлікпен, қайықпен
- Ұзақтығы: 57 км | 5 сағ 15 мин
- Мамыр – Қазан | 10 адам
БАЙ ТАБИҒАТ ӘЛЕМІ:
- 292 құс түрі (оның ішінде 36 түрі Қызыл кітапта)
- 48 сүтқоректі, оның ішінде Еуропа норкасы мен орыс выхохулі
- 32 балық түрі, оның 4-еуі – сирек кездесетін
- 227 өсімдік түрі, 2-еуі Қызыл кітапқа енген
ШАЛЫГА АРАЛЫ – ҚҰСТАРДЫҢ ҰЯСЫ
Атыраудан 45 км қашықтықта орналасқан Шалыга аралы – Қарабас шағаланың 14 мың ұясы орналасқан ерекше аймақ. Бұл арал — табиғаттың тұмса күйін, құстардың үнін, тыныштық пен үйлесімділікті сезінгісі келетіндер үшін мінсіз орын.
НЕ ҮШІН БАРУҒА ТҰРАРЛЫҚ?
✔ Сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді көру
✔ Құстарды бақылап, суретке түсіру
✔ Балық аулау, ұлттық тағамдардан дәм тату
✔ Табиғатпен тынығу, экологиялық тәрбие алу
✔ Қаланың қарбаласынан алыс, шынайы тыныштық
ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ:
🚫 Ішімдік ішуге, темекі тартуға, от жағуға, шомылуға, қатты музыка қоюға тыйым салынады.
🦺 Барлық қатысушыларға құтқару кеудешелері беріледі, медициналық қобдиша және гидпен бірге жүру қамтамасыз етіледі.
Қосымша ақпарат пен брондау үшін:
Байланыс нөмері: +77010130384
Электрондық почта: gpr_akzhaiyk@mail.ru
Instagram: akzhaiyk_oopt