Атырау мен Ақтөбе облыстарының түйіскен тұсында, Атырау қаласынан шамамен 245 шақырым қашықтықта орналасқан Ақкегершін үстірті – Қазақстанның ерекше табиғи аймақтарының бірі. Оның борлы құздары мен түрлі пішінді тау жұрнақтары кез келген саяхатшыны таңдандырады.
Ақкегершіндегі ең әйгілі нысан – «Үш ағайын» деп аталатын тау жұрнағы. Бұл табиғи мүсіндер саяхатшылардың суреттерінде жиі кездеседі. Табиғаттың өзі «мүсіндеген» жартастардың кейбірі жылдар өте жаңа бейнелерге айналып, әр келген сайын жаңа қырынан танылып отырады.
Ақкегершінге қалай жетуге болады?
Бұл үстіртке арнайы автоэкспедициялармен немесе туристік агенттіктер ұйымдастыратын 2-3 күндік сапарлар арқылы жетуге болады. Атырау-Ақтау тас жолымен жүріп, Құлсары қаласына аялдама жасап, қажетті заттарды толықтыру ұсынылады. Құлсарыдан 100 шақырымдай жер жүріп, Ақкегершінге табан тірей аласыз. Жол бойында, сондай-ақ, Ақтолағай сияқты өзге табиғи нысандарды аралап, сапарыңызды әрлендіруге болады.
Орналасу және демалыс
Құлсарыда қонақ үйлер бар, ал табиғат аясын жақын сезінгіңіз келсе, шатыр тігіп демалу мүмкіндігі де қарастырылған.
Ақкегершін – табиғатпен етене жақын болуды қалайтындар үшін ерекше орын. Сапарыңызды жоспарлап, еліміздің бұл ғажайып бұрышын ашуға асығыңыз!