“АТЫРАУ” сауда-ойын-сауық кешені

“Атырау” сауда-ойын-сауық кешені 2006 жылдан бері жұмыс істейді. Атырау қаласындағы ең ірі заманауи сауда-ойын-сауық кешендерінің бірі болып табылады. Жалпы ауданы 21 283 шаршы метрді құрайды. Кешен қаланың орталық көшесінде, Сәтпаев даңғылында, Исатай Махамбет алаңына, мұнай компанияларының кеңселерiне және қаланың үлкен тұрғын үй ауданына жақын орналасқан. Мұнда жеке көлікпен келушілерге арналған автотұрақ қарастырылған.

Кешенінің қызметтері мен жұмыс уақыты:

  • Кешендегі 60 дүкеннің жұмыс уақыты 10:00-ден 22:00-ге дейін.
  • “Remi market” супермаркеті 08:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс істейді. Байланыс телефоны: +77011922888
  • “Kinoplexx” кинотеатрының жұмыс уақыты 10:00-ден 00:00-ге дейін. Байланыс телефоны: +7 (7122) 21-57-77.

Кинотеатрдың сеанс кестесін және бағасын https://www.kinopark.kz/ru сайтынан көре аласыздар.

  • Фуд-корт: 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді (“Burger King”, “Бариста” кофеханасы, “Bubble bar” және т.б.).

Сауда орталығында барлығы 8 кафе мен мейрамхана бар.

Қызметтер:

  • Арнайы ұйымдастырылған жәрмеңкелер
  • Сұлулық салоны
  • Дәріхана
  • “Kaspi Bank” АҚ және “Халық банкі” АҚ банкоматтары ж/е т.б
  • Телефон жөндеу шеберханасы
  • Ателье

Байланыс нөмірі: +7 (7122) 20-39-03

Мекен-жайы:  Сәтпаев даңғылы, 17 “А”

Жұмыс уақыты: Күнделікті 09:00-ден 22:00-ге дейін

Scroll to Top