ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМ «АҚЖАЙЫҚ» РЕЗЕРВАТЫНДА
Табиғатпен үндестік – нағыз демалыс! Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың бірі – «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында табиғатты қорғау мен танымдық туризм қатар дамып келеді. Резерват аумағында экологиялық туризмді дамыту мақсатында арнайы 4 маршрут әзірленіп, ресми бекітілген.
Тур бағыттары:
«Табиғат әлемі»
- Көлікпен жүретін маршрут
- Ұзақтығы: 46 км | 5 сағ 50 мин
- Сәуір – Маусым | 30 адам
«Су әлемі»
- Көлікпен және қайықпен
- Ұзақтығы: 64 км | 7 сағ 10 мин
- Тамыз – Қазан | 4 адам
«Дала әлемі»
- Көлік, жаяу және велосипедпен
- Ұзақтығы: 34 км | 4 сағ 10 мин
- Шілде – Қазан | 15 адам
«Құстар жұмағы»
- Көлікпен, қайықпен
- Ұзақтығы: 57 км | 5 сағ 15 мин
- Мамыр – Қазан | 10 адам
БАЙ ТАБИҒАТ ӘЛЕМІ:
- 292 құс түрі (оның ішінде 36 түрі Қызыл кітапта)
- 48 сүтқоректі, оның ішінде Еуропа норкасы мен орыс выхохулі
- 32 балық түрі, оның 4-еуі – сирек кездесетін
- 227 өсімдік түрі, 2-еуі Қызыл кітапқа енген
ШАЛЫГА АРАЛЫ – ҚҰСТАРДЫҢ ҰЯСЫ
Атыраудан 45 км қашықтықта орналасқан Шалыга аралы – Қарабас шағаланың 14 мың ұясы орналасқан ерекше аймақ. Бұл арал — табиғаттың тұмса күйін, құстардың үнін, тыныштық пен үйлесімділікті сезінгісі келетіндер үшін мінсіз орын.
НЕ ҮШІН БАРУҒА ТҰРАРЛЫҚ?
Сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді көру
Құстарды бақылап, суретке түсіру
Балық аулау, ұлттық тағамдардан дәм тату
Табиғатпен тынығу, экологиялық тәрбие алу
Қаланың қарбаласынан алыс, шынайы тыныштық
ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ:
Ішімдік ішуге, темекі тартуға, от жағуға, шомылуға, қатты музыка қоюға тыйым салынады.
Барлық қатысушыларға құтқару кеудешелері беріледі, медициналық қобдиша және гидпен бірге жүру қамтамасыз етіледі.
Қосымша ақпарат пен брондау үшін:
Байланыс нөмері: +77010130384
Электрондық почта: gpr_akzhaiyk@mail.ru
Instagram: akzhaiyk_oopt