Хиуаз Доспанова ескерткіші

Хиуаз Доспанова (1922 — 2008) Ұлы Отан соғысы жылдарында бомбалаушы авиаполкінде штурман-мерген болып қызмет еткен. 300-ден астам жауынгерлік ұшуды жүзеге асырған. Қызыл Жұлдыз, І және ІІ дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Ту ордендерімен, “Кавказды қорғағаны үшін”, “Варшаваны азат еткені үшін” медальдарымен марапатталған. Екі рет ауыр жараланып, қайтадан қатарға қосылып, Берлин түбінде Жеңісті қарсы алған.

Ол екі мәрте жараланса да, әр жолы сапқа қайта оралды. Соғыстан ІІ топ мүгедегі болып оралды. Хиуаз Қайырқызы Ұлы Отан соғысында алған ауыр жарақаттарына қарамастан, белсенді қоғамдық қызмет атқарды, партия райкомының нұсқаушысы, Қазақстан ЛКЖО ОК хатшысы болды, 1951 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланып, бірінші сессияда Президиум хатшысы болып сайланды.

Атырау халықаралық әуежайының қарсысында орнатылған ескерткіштің биіктігі – 2 метр 30 сантиметр. Қоладан құйылған мүсінде Хиуаз Доспанова майданға аттанып бара жатқан қыз бейнесінде мәңгілікке бейнеленген.

Авторы: Бақытбек Мұхамеджанов.

Scroll to Top