Ту тұғыры алаңы

Мемлекеттік ту тірегінің биіктігі 91 метрді құрайды және ол 11 секциядан тұрады. Негізінің ауданы – 57 шаршы метр. Ту тірегі  – туды тұрақты түрде көрсетуге арналған, қолмен немесе электр жетегімен жабдықталған болаттан жасалған көп қырлы конус тәрізді немесе дөңгелек конус тәрізді тіреуіш. Композицияның ұзындығы 80 метр болатын доға тәрізді эркерлік композиция ансамблі мен субұрқақтарды қамтиды. Орталық аланның бөлігінде қоладан жасалған Қазақстан Республикасының картасы орналасқан, орталық композицияның жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының Елтаңбасы орнатылған, орталық композицияның шеттерінде Қазақстан Республикасының Гимні орналасқан.

Мердігер ту тірегінің айналасына 6500 шаршы метр жасыл газон, тірі қоршау түріндегі 8500 түп бұта, 44 қылқан жапырақты және 70 жапырақты ағаш отырғызуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, монументке іргелес аумақта раушан гүлдерінің гүлзарлары жасыл ансамбльді толықтырады.

Жасыл желектерді суару үшін автоматтандырылған, датчиктермен жабдықталған жүйе қарастырылған. Бұл жүйе өсімдіктерге қажетті су мөлшерін миллилитрге дейін дәлдеп, ағаштардың тамыр жүйесіне жақын орналасқан суару шахталарына тікелей жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл жүйе суды барынша тиімді пайдаланып, өсімдіктерді қоректендіреді.

Scroll to Top