Қаршыға Ахмедияров (25.03.1946 – 07.06.2010) – көрнекті қазақ композиторы, дирижер, концертмейстер, музыкант, солист, күйші, домбырашы-виртуоз, педагог, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры. Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері. Қазақстан Республикасының халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 1965-1972 жылдары Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияда білім алған. Сонымен қатар, Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінде өнер көрсеткен.
1974 жылдан бастап Алматы консерваториясында сабақ берген. 1986 жылы Мәскеу консерваториясында дирижерлік курсы бойынша тағылымдамадан өткен. 1988 жылдан бастап Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінде дирижер, солист, домбырашылар тобының концертмейстері болып жұмыс істеген. 1993 жылдан Құрманғазы атындағы ҚҰК профессоры, 1996 жылдан «Домбыра» кафедрасының меңгерушісі.
Қ.Ахмедияров – қазақ музыканттарының жас ұрпағын тәрбиелеуге, ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға зор үлес қосқан педагог. Ол жоғары оқу орындарына арналған бірнеше кітаптар мен әдістемелік құралдардың авторы.
Мүсіннің жалпы биіктігі – 3,5 метр. Домбырасын қолына алып, тұғырға қонған күйші ескерткіші – мүсінші Едіге Рахмадиевтің жұмысы.
Дереккөзі: https://atyrau-heritage.kz/kk/qr/109-24