Сұлтан Бейбарыс ескерткіші

Атырау қаласының орталығында, облыстық әкімдік алдында Сұлтан Бейбарысқа арналған ескерткіш орнатылған. Бұл – Мысыр билеушісі болған қыпшаққа қойылған әлемдегі жалғыз ескерткіш.

Ескерткіш биік тұғырдағы Сұлтан Бейбарыстың мүсінінен тұрады. Мүсін граниттен жасалған, биіктігі 7,2 метр. Тұғырымен қоса биіктігі 11,8 метр. Ескерткіштің авторлары – мүсінші Қ. Кәкімов пен сәулетші Қ. Жұмабай. Ескерткіш жанында мұнара мен киіз үй бейнелі тас мүсіндер, ал артында көне түрік тілінде руна жазуы бар жарты шар орнатылған. Ескерткіш 2000 жылы ашылған, ашылу рәсіміне Қазақстан Президенті Н.Назарбаев қатысқан.

Бейбарыс Дешті-Қыпшақта туып, монғол шапқыншылығы кезінде құлдыққа түсіп, Мысырға келген. Ол Мысыр билеушісі Салих сұлтанның батыл жауынгері болып, кейіннен таққа отырып, 17 жыл елді басқарған. Бейбарыс тек қыпшақ тілінде сөйлеп, елде қыпшақ дәстүрлерін енгізген. Араб әлемінде оны Мысыр мемлекетінің негізін салушы деп санайды.

2000 жылы Атыраудағы ескерткіш орналасқан алаң Сұлтан Бейбарыс атымен аталды.

Дереккөзі: https://culturemap.kz/kk/object/pamyatnik-sultanu-beiybarysu

Scroll to Top